Мазендеранда «Иран, Орталық Азия мен Кавказ арасындағы мәдени диалог» атты отырыс басталды
(last modified 2018-01-15T01:15:58+00:00 )
Қаң 15, 2018 07:15 Asia/Almaty
  • Мазендеранда «Иран, Орталық Азия мен Кавказ арасындағы мәдени диалог» атты отырыс басталды

Иранның солтүстігіндегі Бобулсарда орналасқан Мазендеран университетінде ирандық және шетелдік зерттеушілер мен ойшылдардың қатысуымен «Иран, Орталық Азия мен Кавказ арасындағы мәдени диалог» атты отырыс басталды.

«Иран, Орталық Азия мен Кавказ арасындағы мәдени диалог» атты отырыс – халықаралық мәдени диалогтар тұрақты кеңсесінің азиялық ынтымақтастықтарды  нығайтып, дамыту, сондай-ақ, зорлық-зомбылық пен экстремизмнен туындайтын қоқан-лоққыларға қарсы тұру мақсатында өткізіп жатқан «Азиялық мәдени диалог» халықараық конференциясының бір бөлігі.

Хамедан қаласындағы Буәли Сина университетіндегі "Азиядағы мәдени түрлілік – келісімге келудің мұрсаттары мен мүмкіндіктері, ынтымақтастықтар және жақындасу", Мешхедтегі Фирдауси атындағы университеттегі "Иран мен  субконтиненталдық диалог" және «Теһран университететінің мәдени-тарихи байланыстары мен аймақ ұйымдарының азиялық мәдени ынтымақтастықтардағы рөлі», сонымен бірге «ЭКО-ға мүше елдер арасындағы ғылыми-мәдени ынтымақтастықтар» халықаралық конференцияның келесі отырыстарының қатарына жатады.

«Иран, Орталық Азия мен Кавказ арасындағы мәдени диалог» отырыстарының ғылыми хатшысы Әлиакбар Джафари жексенбі күні Бобулсардағы отырыстың басталу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Бұл отырысқа шамамен 70 мақала келіп түсті. Соның ішінде 38 мақала жинаққа енді",- деді.

«Азиялық мәдени диалог» халықаралық конференциясы кеше Теһранда өз жұмысын бастады. Бұл конференцияның жабылу рәсімі Мешхедтің Фирдауси атындағы университетінде өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер