Джахангири: Ұлттық бірлік – АҚШ-тың жауластықтарына қарсы ең жақсы жол
ИИР-ның Вице-президенті Исхақ Джахангири АҚШ-тың Ирандағы кеңістікті сенімсіз деп көрсетуді көздейтінін айтып: "Ұлттық бірлік пен біртұтастық – АҚШ-тың жауластықтарына қарсы ең жақсы жол",-деді.
Исхақ Джахангири дүйсенбі күні Теһранда АҚШ-тың сионистер мен кейбір араб елдерімен үйлесе отырып, өткен бір жыл ішінде Иранға көптеген қысым жасағанын айтып: "Ұлттық бірлік пен біртұтастықтың арқасында дұшпандардың барлық қысымдары мен жоспарлары жеңіліске ұшырады",-деді.
ИИР-ның Вице-президенті АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның ішкі ісіне, әсіресе соңғы келеңсіздіктерге араласуына тоқталып: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері АҚШ-тың Ирандағы бүлікші топтарға халықаралық сипат беруге жасаған талпынысын жеңіліске ұшыратты",-деді.
Исхақ Джахангири, сондай-ақ, америкалықтардың Иранның ядролық келісіміне қатысты жасаған бүлдіргі әрекеттерін Вашингтонның ИИР-мен дұшпандығының бір бөлігі екенін айтып: "Америкалықтар басынан-ақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне берік болмауымен қатар Иранның кеңістігін ядролық келісімді орындауға қолайсыз деп көрсетуге талпыныс жасап жатыр",-деді.