Рухани: Ислам әлемінің дағдарыстарымен күресетін жол шетелдік мемлекеттерге сүйену емес
ИИР Президенті Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің 13-ші парламентаралық басқосуында ислам әлемінің дағдарыстарына қарсы тұратын жолдың шетелдік мемлекеттерге сүйену емес екенін қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні 41 ислам елінің қатысуымен өтіп жатқан екі күндік басқосуда сөйлеген сөзінде: "Иран барлық елдердің территориялық тұтастығы мен саяси егемендігін құрметтеп, ислам үмбетінің мәселелерін түбегейлі шешетін жолдың барлық ислам елдерінің серіктестігі мен ынтымақтастығына жету деп санайды",- деді.
Иран Президенті АҚШ пен сионистік режимге тәуелді кейбір мемлекеттердің ислам үмбетінің арасын ажыратуды мақсат ететіндігіне тоқталып: "Таяу Шығыс аймағының тұрақтылық пен қауіпсіздіктен айырылуының ең маңызды себептеріне басқыншылық үдерісінің жалғасуы мен АҚШ үкіметінің сионистік режимге жан-жақты қолдау көрсетуі және Палестина халқының астанасы Құдспен бірге тәуелсіз үкімет құру құқығынан айырылуы жатады",- деп мәлімдеді.
Рухани экстремистік ДАИШ ағымының жойылуы мен сол ағымға қарсы күрестегі Иранның маңызды рөліне тоқталып: "ДАИШ-тың жойылуының негізгі нәтижелерінің бірі Палестина тақырыбының өзінің негізгі орнына, яғни ислам үмбетінің басты саяси мәселесіне оралуы болды. Ислам үмбеті мен исламдық үкіметтер мұсылмандардың бірінші құбыласы Құдс мәселесін еш уақытта ұмытпайды. Ислам үмбеті бірліктің қажеттігі мен іріткілерден алыстауды қуаттап, палестиналықтардың туған жерлеріне оралып, Палестинаның жерлерінде қасиетті Құдс астанасы болатын тәуелсіз Палестина үкіметін құру талпыныстарын арттырады",- деп баса айтты.