Амоли Лариджани: Иран АҚШ-тың жуырдағы санкцияларын жауапсыз қалдырмайды
(last modified Tue, 16 Jan 2018 10:32:17 GMT )
Қаң 16, 2018 16:32 Asia/Almaty
  • Амоли Лариджани: Иран АҚШ-тың жуырдағы санкцияларын жауапсыз қалдырмайды

Иранның Жоғары соты аятолла Садық Амоли Лариджани: "Бір елдің Сот билігінің төрағасына санкция салу – халықаралық деңгейдегі шектен шығушылық. АҚШ ИИР-ның мұндай әрекеттерін жауапсыз қалдырмайтынын білгені жөн",- деді.

Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда сот басшыларының отырысында АҚШ-тың әртүрлі мәселелерді сылтауратып, санкцияларды арттыруын дұшпандық әрекет деп атап: "АҚШ әрбір дұшпандық әрекетіне Иран тарапынан сәйкес реакция болатынын білгені жөн",- деп қуаттады.

Иранның Жоғары соты АҚШ Президенті Дональд Трамптың жуырдағы сөздері мен міндеттемелерін орындамауын, сонымен қатар Иранға қарсы дұшпандығын қайталанып келе жатқан оқиға деп сараптап: "АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіріп келе жатқанына 40  жыл болды. Соңғы жылдары да Иранның дамуы мен аймақтағы рөлінің артуына байланысты АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен қысымдары артты",- деп мәлімдеді.

Аятолла Амоли Лариджани сондай-ақ АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгерту талпыныстарына тоқталып: "Аталмыш бағдарламаға өзгеріс енгізілмейді. Ешбір мемлекет оны Иранның қорғаныс тақырыбымен байланыстырмайды",- деп баса айтты.