Иран АҚШ-тың Сириядағы тұрақсыздық тудырушы жаңа әрекеттеріне реакция білдірді
(last modified Tue, 16 Jan 2018 17:17:52 GMT )
Қаң 16, 2018 23:17 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың Сириядағы тұрақсыздық тудырушы жаңа әрекеттеріне реакция білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ қайраткерлерінің Сирияда жаңа шекаралық күш құру туралы мәлімдемесіне тоқталып, оны басқа елдердің ішкі істеріне ашық түрде араласудың бұлтартқысыз дәлелі деп атады.

ДАИШ-ке қарсы америкалық коалиция сириялық күрд топтарымен бірге Сирияда жаңа бір күш қалыптастыруды көздейтінін жариялады.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "Америкалықтардың бұл қатынасы мен шешімі Сирия армиясы мен оның одақтастарының ДАИШ және ән-Носрат майданы лаңкестік топтарымен күресте айтарлықтай үлкен жеңістерге жеткен кезде қабылданып отыр. Иран Ресей және Түркиямен бірге "Астана келіссөздері" арқылы текетірес азайтылған аудандар қалыптастырып, осы дағдарысты шешуге талпыныс жасап жатыр. Осы уақытқа дейін айтарлықтай жетістіктер мен сәттіліктерге қол жеткізді. АҚШ-тың аймақта өзінің бүлдіргі әрі ішкі іске араласушы саясатын өзгертіп, қысқа уақыттың ішінде өз күштерін Сириядан шығарып, осы елдің халқына өзінің тағдыры мен болашағы жайлы көпшіліктің қалауымен шешім қабылдауға мұрсат беретін кез жетті",-деді. 

Осыдан бұрын Сирияның Сыртқы істер министрі Фейсал Миқдад: "АҚШ Сирияның демократиялық күштері деп аталатын жаңа ДАИШ-ты қолдап отыр",-деген болатын.

 

Тегтер