Рухани: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін өз қателігін түсінеді
ИИР Президенті Теһранда Польша елшісінің сенімхатын қабылдау кезінде: "АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты стратегиялық қателіктерге душар болып отыр. Егер бұл бағдарламадан шықса, саяси тұрғыдан өте үлкен қателік жасағанын түсінеді",-деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сенбі күні Польшаның ИИР-дағы жаңа елшісі Ярослав Марсин Доманскиймен кездесуінде бүгінде әлемдік қауымдастықтағы бір-екі елден басқаның барлығының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын айтып: "Осы бағдарламаның тараптары өз міндеттемелеріне берік болғанға дейін Теһран да өз міндеттемелерін орындайды.
Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын нығайту әлемдік қауымдастыққа мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге үміт береді деп санайды. Оны әлсірету дипломатиялық шараларға соққы беру дегенді білдіреді",-деді.
Польшаның ИИР-дағы жаңа елшісі Ярослав Марсин Думанский Варшаваның әрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдайтынын айтып, оны аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына сай деп атап, Польшаның бұл бағдарламаның сақталуына талпыныс жасайтынын мәлімдеді.