Харрази: Батыс Сирияда жаңа бүлік бастауды көздеп отыр
(last modified Mon, 22 Jan 2018 04:10:24 GMT )
Қаң 22, 2018 10:10 Asia/Almaty
  • Харрази: Батыс Сирияда жаңа бүлік бастауды көздеп отыр

ИИР-ның Халықаралық қатынастар жөніндегі стратегиялық кеңесінің басшысы: "Дұшпандардың Сирияға қарсы әскери салада сәтсіздікке ұшырауы қастандықтың аяқталғанын білдірмейді. Батыс Сирияда жаңа бүлік бастауды көздеп отыр",-деді.

Камал Харрази сенбі күні кешке Дамаскта Сирияның Баас партиясы бас хатшысының орынбасары Халал әл-Хелалмен кездесуінде: "Сирияда әскери салада АҚШ, Түркия мен лаңкестер тарапынан қиындықтар бар. Бұл мәселелер жақын арада шешіледі деп үміттенеміз",-деді. 

Харрази Сирияға қарсы елдердің осы елдің мәдени және экономикалық мәселелеріне ықпал ету ықтималына тоқталып: "Сирия елді қалпына келтіру және экономикалық дамуды қажет етеді. Сондықтан кейбір елдер, соның ішінде  Сауд Арабиясы мен БАӘ бұл елге әртүрлі тәсілдермен ықпал етуді көздеп отыр",-деді.

Сирияның Баас партиясының бас хатшысының орынбасары Халал әл-Хелал Сирия дұшпандарының Иран мен Ливан Хезболласының одақтасуына  алаңдайтындығына  тоқталып: "Сирия үкіметі мен Баас партиясы Иран және қарсыласу қозғалысымен дос болу қажеттігін қуаттайды. Сол себепті елді қалпына келтіру кезеңінде осы қарым-қатынастың одан ары нығая түсетіндігіне үміттенеді",-деді.   

 

Тегтер