Зариф: Еуропа уәдені бұзу арқылы ядролық келісімді сақтап қала алмайды
Иран Сыртқы істер министрі Еуропаның уәдені бұзу арқылы ядролық келісімді сақтай алмайтынын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда атақты неміс тілшісі, саясаткер әрі жазушы Юрген Тоденхофермен сұхбатында: "Еуропаның ядролық келісімге қатысты басты ұстанымы – келіссөздерді қайта бастамау және келісімнің бүкіл тармағын сақтау. Теһран Еуропадан осы келісімге табандылық танытуды күтеді",-деді.
Зариф, сондай-ақ, Иранның зымырандық қуаты туралы: "Иран аймақтың басқа елдерімен салыстырғанда қару-жараққа ең аз қаражат жұмсады. Аймақта, соның ішінде Сауд Арабиясы ие зымырандардың ұшу қашықтығы Иранның зымырандарынан әлдеқайда көбірек.
Сауд Арабиясы Қытайда жасалған құрлықаралық баллистикалық зымырандарға ие. Олардың ұшу қашықтығы – 2500 км. Ал бұл зымырандардың түпнұсқасының ұшу қашықтығы 12000 км-ге жетеді",-деді.