АҚШ-тың ДАИШ-ты Ауғанстанға ауыстыруы өзінің аймақтағы орналасуын ақтауды көздейді
Иран Ислам революциясының жетекшісі Ауғанстанда орын алған соңғы лаңкестік шабуылда жазықсыз адамдардың қаза болуына өкініш білдіріп, АҚШ-тың ДАИШ-ты Ауғанстанға ауыстыруының мақсатын өзінің аймақтағы орналасуын ақтап, сионистік режимді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету деп атады.
Аятолла Хаменеи бүгін, сейсенбі күні таңертең ДАИШ-тың Ауғанстандағы соңғы айларда жүздеген адамға қарсы лаңкестік әрекет жасағанына тоқталып: "ДАИШ-ты құрып, сол топты Сирия мен Ирак халықтарына қарсы зорлық-зомбылық жасаудың құралы ретінде пайдаланушылар ДАИШ-ты Ауғанстанға ауыстыруды мақсат етуде. Олардың жуырдағы қырғындары – негізінде аталмыш жобаның басталуы. АҚШ қолдайтын лаңкестер үшін шиіттер мен сүнниттердің айырмашылығы жоқ. Олар шиіт пен сүннитке бөлмей, қарапайым халықты нысанаға алуда» деді.
Аятолла Хаменеи аймақ халықтарын өз мәселелеріне шырмап қоюды америкалықтардың басты саясаты деп атап: "АҚШ бұл аймақтың тыныштығын қаламайды. Олар сионизмге қарсы шықпас үшін аймақ үкіметтері мен халықтарын өз мәселелеріне шырмап қойғысы келеді",- деді.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың тынышсыздық тудыруының келесі мақсатын аймақтағы құзырын ақтау деп атап: "Америкалықтар –Ауғанстандағы бейберекеттіктердің негізгі факторлары. Осыдан 20 жыл бұрын бұл аймақта діннің атымен басталған қырғын тікелей немесе жанама түрде АҚШ-пен байланысты. АҚШ бүгін де бейберекеттік орнатып, аймақтағы өзінің орналасуын ақтап, саяси-экономикалық мақсаттарын ілгерлетпек. Бүгінде мұсылмандарды қырып-жойып отырған үстемшілдер мен олардың одақтастарына, қылмыскер сионистік режим мен АҚШ-қа Алланың лағынеті тисін",- деп қуаттады.