АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режимнің аймақтағы жаңа қимылдары саудиялықтардың қаражатымен жүзеге асырылып жатыр
(last modified Thu, 01 Feb 2018 10:12:51 GMT )
Ақп 01, 2018 16:12 Asia/Almaty
  •  АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режимнің аймақтағы жаңа қимылдары саудиялықтардың қаражатымен жүзеге асырылып жатыр

Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Хаджизаде: "Аймақ мұсылмандарын олардың өз қолымен өлтіру – АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режимнің жаңа әрекеті",-деді.

Бригада генералы  Амир Әли Хаджизаде сәрсенбі күні Теһранның батысында орналасқан  Ештехард ауданындағы шәһидтерді еске алуға арналған он тоғызыншы рәсімде: "АҚШ аймақтағы өзінің әскери күштерін сақтап қалу үшін көп қаражат жұмсады. Иран Ислам революциясының жеңіске жетуі соңғы қырық жылда әлемдік үстемшілдікке ауыр соққы беріп, АҚШ-тың кектеніп, Иранға соғыс ашуына себеп болды. Иранға қарсы дұшпандардың қимыл-әрекеттері әлі жалғасуда. Олардың қимылдарының бірі аймақтың мүмкіндіктерін пайдалану, соның ішінде  мұсылмандарды жою үшін оның өздерін қолдану болып табылады. Бұл қимылдар АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режим тарапынан саудиялықтардың қаражатымен жүзеге асырылып жатыр",-деді.

Сардар Хаджизаде Иран Ислам революциясының жеңісін Ислам келгеннен кейінгі ең ірі тарихи оқиға деп атап: "Иран Ислам революциясынан кейін ислам елдерінде өзгерістер орын алды, өйткені бұл революцияның жеңісі АҚШ-тың үстемшілдік негізін қиратты",-деді.