Иран қарулы күштерінің бас штабы: Иран Ислам революциясы АҚШ-тың жалған ұлылығын жойды
Иран Қарулы күштерінің бас штабы АҚШ билігінің құлдырауы мен жойылуын, үстемшілдікке қарсы ауқымды қозғалыстың қалыптасуын, ислам әлемі мен азаттық қалаушы халықтардың оянуын Иран ислам революциясының берекесі мен нәтижелері деп атады.
Иран Қарулы күштерінің бас штабы Иран ислам революциясы жеңісінің 39-шы жылдығына орай жариялаған мәлімдемесінде: "АҚШ пен оның одақтастарының ислам революциясы қалыптасқаннан бастап қазіргі таңға дейін Иранның табанды әрі революцияшыл халқына қарсы алуан түрлі жолдармен жоспарлап, іске асырған барлық қиындықтарына, азаптаулары мен қастандық әрекеттеріне қарамастан ислам реолюциясы бар күш-қуаты және ұлылылығының арқасында салтанаты мен артықшылығын арттырып, әрдайым дұшпандар мен бөгделердің көзіне кірген тікен болып келді.
Бүгінгі таңда Иран ислам революциясы берекелі әрі мақтанышқа толы өмірінің 39-шы жылы әлемдік билік теңгерімін бұзу арқылы аймақтық және аймақтан тыс өзгерістердегі өзінің ықпалды әрі шешуші орнын бұрын-соңды болмаған деңгейде нығайта түсті",- деді.