Үкімет Иранды қайта құру және өркендету бағытын жалғастырады
https://itolqyn.com/news/iran-i34471
ИИР президенті Рухани үкіметтің бар күш-қуатымен және халықпен бірігіп, Иранның барлық облыстарын қайта құру, жаңғырту және өркендету бағытын жалғастыратынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 03, 2018 14:33 Asia/Almaty
  • Үкімет Иранды қайта құру және өркендету бағытын жалғастырады

ИИР президенті Рухани үкіметтің бар күш-қуатымен және халықпен бірігіп, Иранның барлық облыстарын қайта құру, жаңғырту және өркендету бағытын жалғастыратынын қуаттады.

Хасан Рухани жұма күні Иранның оңтүстігіндегі Керман облысына жасаған сапарының соңында өткен баспасөз конференциясында Керман облысында жер сілкінісі орын алған Куһбанан және Равар аймағы халқымен кездесуді осы облысқа сапар шегу себептерінің бірі деп атап: "Бұл сапар барысында бірқатар жобалардың ашылу салтанаты өткізіліп, кейбір жобаларды жүзеге асыру шаралары басталды. Жобалардың сапасы мен көлемі Иран және Керман облысының халқы үшін үміт сыйлайды",- деді.

Иран президенті сондай-ақ, Иран халқының түрлі салаларда атсалысуына тоқталып: "Халық сайлауларға келіп қатысуымен бірге, өз пікірлері мен ұсыныстарын баяндап, мемлекеттің ішкі істерін басқаруда ынтымақтастық жасап, атсалысуы тиіс.

40 жыл бұрын көптеген қиындықтардан аман-есен өтіп, ұлы ерліктерді жасағанымыз секілді бірлік пен тілектестіктің арқасында осы қиындықтардан да өтуге болады",- деп баса айтты.