Рухани: Иран АҚШ-қа бар пәрменімен қарсы тұрады
ИИР Президенті Вашингтон Теһранға қысым көрсеткен жағдайда Иранның АҚШ-қа бар пәрменімен қарсы тұратынын қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күнгі баспасөз отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды қайтару туралы сөздеріне тоқталып: "Америка әрқашан Иран халқы мен үкіметіне қарсы санкциялар мен қысымдар арқылы қиындық тудыруды көздеп келеді, бірақ Иранның әлемнің әртүрлі елдерімен қарым-қатынасы артып, одан сайын жақсаруда",- деді.
Рухани "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзған жағдайда Иран не істейді?" деген сұраққа: "Иран өз қағидасына сай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бірінші бұзбайды, бірақ егер АҚШ келісімді бұзатын болса, Теһранның тиісті шаралары дайын",- деп жауап берді.
Рухани батыстықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен Иранның зымырандары туралы келіссөздер өткізуді сұрауы туралы сұраққа: "ИИР өзінің қорғаныс әлеуеті үшін қажет нәрсені жасайды. Бірақ, Теһран басқа елдердің халықтарын қыратын қару мен зымырандарды адамгершілік пен шариғатқа қарсы санайды",- деді.
Иран Президенті америкалықтардың Сириядағы орналасуын айыптап: "Америкалықтар Сирияда заңсыз орналасып, бұл елді бөлшектеуді мақсат етуде",- деп баса айтты.
ИИР Президенті сондай-ақ кейбір араб үкіметтері мен сионистік режим арсындағы қарым-қатынастарының түзелгеніне сілтеме жасап: "Уақыт өткен соң Риядтың қазіргі билеушілері таңдаған жолдарының бұрыс екенін, оларды нәтижеге жеткізбейтінін түсінеді",- деді.