Рухани: 12 фарвардин – демократия мен ислам діні көрініс тапқан күн
Нау 31, 2016 16:39 Asia/Almaty
Иран Президенті 12 фарвардинді елде демократия мен ислам діні көрініс тапқан күн деп атады.
37 жыл бұрын 12 фарвардин күні (1979 жылдың 1 сәуірінде) Иран халқы референдумға жаппай қатысып, ИИР-ын діни құндылықтарға негізделген демократиялық жүйе ретінде таңдады. Иран Президенті Министрлер кабинетінің жиналысында 12 фарвардин күнімен құттықтап, ИИР-ның негізін қалаушыны еске алып: «Имам Хомейни (р.) революция жеңіске жеткен күннен бастап Конституцияның дайындалу қажеттігін, исламдық республиканы қалыптастырып, елді басқаруда халықтың дауысының рөлін баса айтқан болатын»,-деді.
Тегтер