Ғасеми: Иранның Сириядағы құзыры сол елдің заңды үкіметінің өтінішімен орын алуда
(last modified Sat, 10 Feb 2018 17:26:53 GMT )
Ақп 10, 2018 23:26 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранның Сириядағы құзыры сол елдің заңды үкіметінің өтінішімен орын алуда

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы ИИР-ның Сириядағы құзырының Сирияның заңды үкіметінің өтінішімен және лаңкестікпен күрес аясында орын алғанын айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми сионистік режим басшыларының қырғи ұшақтарының Сирия жеріне бірнеше рет шабуыл жасағаны, бір ұшағының Сирия әуе қорғаныс күштері тарапынан құлатылғаны туралы алып-қашпа уәждеріне реакция білдіріп: «Сирия үкіметі мен әскері тәуелсіз ел ретінде өзінің аумақтық тұтастығын заңды түрде қорғау және шетелдік кез келген шапқыншылықпен күресу құқығына ие. Сионистік заңсыз режим өз болмысына сәйкес әдеттегідей қауесет таратып, өз айыбын басқаға жабуы арқылы аймақтың мұсылман халықтарына қарсы шапқыншылықтары мен қылмыстарын жасыра алмайды. Ирандық қырғи ұшақтың ұшуы және Иранның сионистік шапқыншы қырғи ұшақты қағып түсірудегі араласушылығы туралы сөздер оны айтудан бетер күлкілі. Себебі, ИИР негізінде Сирияда кеңесшілік қызмет атқаруда. Оның өзі сол елдің заңды үкіметінің өтінішімен орын алуда» деді.

 

Тегтер