Рухани: Ислам революциясының жолдауы – тәуелсіздік және әлеммен әділ қарым-қатынас орнату
ИИР Президенті Ислам революциясының жолдауын тәуелсіздік, басқаларға Иранның ішкі істеріне араласуға рұқсат етпеу және әлеммен әділ қарым-қатынас орнату болғанын мәлімдеді.
Иран Президенті Хасан Рухани Теһрандағы әртүрлі елдердің елшілері және шетелдік өкілеттіктер мен ұйымдардың басшыларымен кездесуінде осыдан 39 жыл бұрын АҚШ-тың араласуы арқылы Иран халқының кемсітілуі және діни сезімдерінің тапталуына қарсы шыққан Ислам революциясының жеңіске жеткеніне тоқталып: "Ислам революциясының жолдауы аймақ елдеріне шабуыл жасау емес, аймақ пен әлем мемлекеттеріне үкіметтің бір моделін ұсынуы болды",- деді.
Рухани өкінішке орай жаңа парадигмада аймақ елдерінің әлемдік экономикалық тізбекке кіре алмағынына назар аудартып: "Иран білімді адами күшке, жоғары қауіпсіздік, бірлік және әртүрлі халықтар мен діни мазхабтар арасында достық қарым-қатынасқа ие болуымен Таяу Шығыс аймағының жаңа парадигмаға кіруі үшін дарбаза бола алады",- деді.
Иран Президенті Теһран аймақтағы дағдарыстардың шешім жолдарын тек саяси жол деп атап: "Әскери вариант, бөгделердің араласуы, қаруландыру – мәселені шешетін жолдар емес. Сондықтан аймақтың проблемаларын келіссөздер арқылы толық тұрақтылық пен қауіпсіздікке жеткізу қажет",- деп қуаттады.