Рухани: Ислам революциясының жолдауы – тәуелсіздік және әлеммен әділ қарым-қатынас орнату
https://itolqyn.com/news/iran-i34719
ИИР Президенті Ислам революциясының жолдауын тәуелсіздік, басқаларға Иранның ішкі істеріне араласуға рұқсат етпеу және әлеммен әділ қарым-қатынас орнату болғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 11, 2018 17:36 Asia/Almaty
  • Рухани: Ислам революциясының жолдауы – тәуелсіздік және әлеммен әділ қарым-қатынас орнату

ИИР Президенті Ислам революциясының жолдауын тәуелсіздік, басқаларға Иранның ішкі істеріне араласуға рұқсат етпеу және әлеммен әділ қарым-қатынас орнату болғанын мәлімдеді.

Иран Президенті Хасан Рухани Теһрандағы әртүрлі елдердің елшілері және шетелдік өкілеттіктер мен ұйымдардың басшыларымен кездесуінде осыдан 39 жыл бұрын АҚШ-тың араласуы арқылы Иран халқының кемсітілуі және діни сезімдерінің тапталуына қарсы шыққан Ислам революциясының жеңіске жеткеніне тоқталып: "Ислам революциясының жолдауы аймақ елдеріне шабуыл жасау емес, аймақ пен әлем мемлекеттеріне үкіметтің бір моделін ұсынуы болды",- деді.

Рухани өкінішке орай жаңа парадигмада аймақ елдерінің әлемдік  экономикалық тізбекке кіре алмағынына назар аудартып: "Иран білімді адами күшке, жоғары қауіпсіздік, бірлік және әртүрлі халықтар мен діни мазхабтар арасында достық қарым-қатынасқа ие болуымен  Таяу Шығыс аймағының жаңа парадигмаға  кіруі үшін дарбаза бола алады",- деді.

Иран Президенті Теһран аймақтағы дағдарыстардың шешім жолдарын тек саяси жол  деп атап: "Әскери вариант, бөгделердің араласуы, қаруландыру – мәселені шешетін жолдар емес. Сондықтан аймақтың проблемаларын келіссөздер арқылы толық тұрақтылық пен қауіпсіздікке жеткізу қажет",- деп қуаттады.