Рухани: Иранның көмегімен аймақ халықтары лаңкестердің зұлымдығынан аман қалды
https://itolqyn.com/news/iran-i34727
Иран президенті: "Өткен жыл Иран халқы лаңкестікпен күресте жеңіске жеткен және аймақ елдері үшін де табысқа толы жыл болды",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 12, 2018 14:52 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның көмегімен аймақ халықтары лаңкестердің зұлымдығынан аман қалды

Иран президенті: "Өткен жыл Иран халқы лаңкестікпен күресте жеңіске жеткен және аймақ елдері үшін де табысқа толы жыл болды",- деді.

Хасан Рухани жексенбі күні Ислам революциясы жеңісінің 39-шы жылдығына орай өткен рәсімде Теһран халқының алдында сөз сөйлеп: "Иранның Ирак және Сирия халықтарына жасаған көмектері нәтижеге жетіп, аймақ халықтары лаңкестердің зұлымдығынан аман қалды",- деп баса айтты.

ИИР президенті қастандық жасаушылардың аймақ елдерін бөлшектеуді көздегенін айтып: "Ирак халқының қырағылығы мен аймақ елдерінің көмегі Иранның аймақтағы дос мемлекеттерінің ұлттық бірлігін қамтамасыз етті. АҚШ қазірге дейін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдараламасына қатысты аймақтық және халықаралық осы келісімді жою үшін талпыныс жасады. Алайда ешбір табысқа жетпеді. Егер олар "Ортақ қадам" келісімінен шығуды қаласа, одан зиян шегеді",- деді.

Рухани АҚШ-тың Құдс, Палестина мен аймақ халқына қарсы қастандық әрекетіне тоқталып: "Әлем АҚШ-тың қастандық әрекетіне қарсы тұрды. Тек мұсылман елдері ғана емес, бірнеше елден басқа барлық мемлекеттер БҰҰ Бас ассамблеясында бұл қастыққа қарсылық білдірді",- деді.