Велаяти: Иран – Батыс Азиядағы маңызды мемлекет
(last modified Tue, 13 Feb 2018 08:20:23 GMT )
Ақп 13, 2018 14:20 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран – Батыс Азиядағы маңызды мемлекет

Иран Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иранды Батыс Азиядағы маңызды мемлекет деп атап, оны дос әрі қарсыласу шебіне кіретін елдерге көмектесу құқығына ие деді.

Әлиакбар Велаяти дүйсенбі күні Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастарының әлемдік конгресінің кеңесшілік отырысы аясында журналистерге берген сұхбатта: "Ирандық кеңесшілердің Ирак пен Сирия елдеріндегі құзыры сол елдердің заңды үкіметтерінің шақыруымен және мазлұмдыққа ұшырап отырған халықтарына көмектесу мақсатында орын алды. Олардың бұдан басқа мақсаттары жоқ",- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иранның аймақта достық саясатын жалғастыратынын қуаттап: "Иранға керісінше, Батыс үкіметтерінің аймақ істеріне араласуы халықаралық заңдарға қайшы",- деп баса айтты.

Велаяти сионистік режимнің қырғы ұшағының құлауы туралы: "Сирия қарсыласу шебінің маңызды елі ретінде өзінің территориялық тұтастығын қорғау және израильдік шапқыншы ұшақтарға жауап қайтару құқығына ие",- деді.

 

 

 

 

Тегтер