Рухани: Әлем Иранға, революция мен исламдық республикаға толық сенеді
ИИР Президенті: "Әлем Иранға, революция мен исламдық республикаға толық сенеді",-деді.
ИИР Президенті Рухани сейсенбі күні облыс әкімдері, министрлер, экономикалық ұйымдардың басшылары мен қаржы институттарының басшыларымен өткізген жиналыста "Бүкіл әлем неліктен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұстанымына қарсы шықты?" деген сұрақ қойып: "Иранның жүйесі мығым, болашағы жарқын болмағанда, әлемнің 190-нан астам елі Трампқа қарсы шықпас еді. Бұл қарсылық әлемнің Иранның жүйесі, үкіметі мен халқына сенетінін көрсетеді.
Иран беделінің рейтингі 7 пайыздан 5 пайызға төмендеді. Бұл әлемнің ИИР-на сенімінің артқанын білдіреді",-деді.
ИИР Президенті, сондай-ақ, дұшпандардың Иранға қарсы жарнамаларының әсерсіз екеніне тоқталып: "Иран экономикасының дамуы 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың наурыз айына дейін әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары болады",-деді.
Сонымен қатар Рухани Иран халқына 22 бахман шеруіне қатысқаны үшін алғыс айтып: "Иран халқының бірлігі мен біртұтастығы Ислам революциясының жеңіске жетуінің факторы болды. Осы бірлік пен біртұтастық барда шетелдік алпауыттардың ешқайсысы ештеңе істей алмайды.
Ислам революциясы тәуелсіздік, ұлттық егемендік, азаттық, ислам мәдениеті, ұлттық мәдениет, республикашылдық пен исламият үшін орын алды. Бұл бағытта қайтар жол жоқ",-деп қуаттады.