Велаяти: Қарсыласу майданы америкалықтарды Евфраттың шығысынан да қуып шығады
(last modified Sun, 18 Feb 2018 04:03:14 GMT )
Ақп 18, 2018 10:03 Asia/Almaty
  • Велаяти: Қарсыласу майданы америкалықтарды Евфраттың шығысынан да қуып шығады

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі: «Америкалықтар мен сионистер Ливан мен Сирия және Иракта жеңіліс тапқандай, Қарсыласу майданы оларды Сириядағы Евфраттың шығысынан да қуып шығады» деп қуаттады.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Али Акбар Велаяти Бағдадта исламдық бірлік ассамблеясының отырысында сөйлеген сөзінде: «Америка мен Батыс ислам қоғамдарын "Жаңа Таяу Шығыс" жобаларын жүзеге асыру үшін бөлшектеуге талпыныс жасауда.

Американың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон ислам үмбеті мен ислам елдері арасына жік салу мақсатында аймақта құзырға ие болып отыр. Олар ислам елдері арасында бірліктің орнауына тосқауыл жасау үшін НАТО-ға база салуды ойластыруда» деді.

 

Тегтер