Иранның Адам құқықтары жөніндегі штабы АҚШ-тағы қатыгездік оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялады
Иран Сот билігінің Адам құқықтары жөніндегі штабы АҚШ-тағы адам құқықтары жағдайдын қадағалайтын арнайы баяндамашы тағайындауды және арнайы баяндамашының осы елдегі қазіргі нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілік мәселелерін қарастыруын сұрады.
Иран Сот билігінің Адам құқықтары жөніндегі штабы АҚШ-та орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жариялап: "АҚШ-тың Флорида штатындағы мектепте оқушыларды жаппай өлтіру туралы хабардың таралуы әлемді таң қалдырды. Алайда, бұл оқиғаның сипаты бұдан да маңызды болып отыр.
Қатыгездік пен адам өлтіру америкалық қоғамдағы және кейбір басқа да батыс қоғамдарындағы қиындық болуына қарамастан, АҚШ-тың Флорида штатындағы мектепте оқушыларды жаппай өлтіру нәсілшілдік пен зорлық-зомбылыққа негізделген жаңа лаңкестіктің пайда болғанын көрсетіп отыр. Бұл АҚШ тарапынан пайда болған немесе тапсырыс берілген басқа да лаңкестік секілді зорлық-зомбылық тұрғысынан шек дегенді білмейді.
АҚШ президенті мен оның жанындағы саяси банда «жаңа лаңкестік» атты қауіпті құбылыстың пайда болуының жауапкершілігін өз мойындарына алып, өз халқы мен әлем алдында жауап беруі тиіс екендігі күмәнсіз",- деп баса айтты.