Үстемшіл елдер өздерінің мәдениеттерін басқаларға таңғысы келеді
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы үстемшіл елдердің өз мәдениеттері мен ерекшеліктерін әлемнің барлық халықтарына таңғысы келетіндігін қуаттады.
Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Бақери Теһранда өткен «Ғылым мен қасиетті қорғаныс тағылымдары» атты конференцияда: "Әлемдегі бүгінгі мәдени соғыста бір жақтан ғасырлар бойы әлем халықтарын билеп-төстеген үстемшіл алпауыт елдер мәдениеттерін барлық халықтарға таңуды көздейді, басқа жақтан халықтар өз елдерінде құндылықтарына табанды болғысы келеді.
Иран халқы қоқан-лоққыларға қарсы тұрып, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге қажет стратегиялық күш қуатына жету үшін әртүрлі құралдарды, соның ішінде қорғаныстық құдыретін қажет етеді",- деді.