Вашингтон мен Мәскеудің Асадтың болашағы туралы келісім жасағандары туралы ақпарат теріске шығарылды
Сәу 02, 2016 15:31 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Вашингтон мен Мәскеудің Сирия Президентінің болашағы туралы келісім жасағандарын теріске шығарды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің басшысы Элизабет Кеннеди Трюдо жұма күні АҚШ пен Ресей арасында Сирия Президенті Башар Асадтың болашағы туралы келісімнің жасалғаны туралы ақпаратты жалған деп атап, БҰҰ-ның үйлестіруімен Сириядағы өтпелі кезең туралы бейбіт келіссөздердің жалғасатынын баса айтты.
Тегтер