Рухани Қасем Солейманиге сәтті талпыныстары мен қызметі үшін алғыс айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i35159
ИИР Президенті өз жолдауында Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Қасем Солейманиге сәтті талпыныстары мен қызметі үшін алғыс айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 28, 2018 22:59 Asia/Almaty
  • Рухани Қасем Солейманиге сәтті талпыныстары мен қызметі үшін алғыс айтты

ИИР Президенті өз жолдауында Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы Қасем Солейманиге сәтті талпыныстары мен қызметі үшін алғыс айтты.

ИИР Президенті Хасан Руханидің жолдауында: "Иранның шарықтаулар мен құлдырауларға толы тарихы соғыс майдандарында ерлік көрсетіп, жеңіске жеткен үлкен қаһармандардың куәсі болды. Исламдық Иранның заманауи тарихында да билеп-төстеушілерге қарсы тұрып, ерлік көрсеткен батыл адамдар аз емес. Алла жолындағы күрескер сардар Солеймани Иран мен әлемнің өте маңызды кезеңінде  мұсылмандардың жаны мен құндылықтарын қорғау үшін Ирак пен Сирия халқы мен армиясын қолдап, ДАИШ лаңкестік тобының тамырын жою үшін күреске шығып,  аймақ халықтары мен бүкіл адамзатқа үлкен қызмет жасады",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани да: "Сардар Солейманидің қорғаныс пен күрестің әртүрлі салаларындағы жанкештілігі елдің қазіргі жағдайы мен келешегіне үлкен әсер етті",- деп қуаттады.