Рухани: Шәһид Раджаи айлағы – Иранның стратегиялық айлағы
https://itolqyn.com/news/iran-i35177
ИИР Президенті Хормозган облысындағы Шәһид Раджаи айлағының үшінші фазасын орындауды бастауға бұйрық берген соң: "Бұл жоба Иранның стратегиялық айлағы болып табылатын Шәһид Раджаи айлағын Иранның солтүстігі мен шығысында орналасқан елдерге тауар тасылмалдау мен транзиттеуге арналған ірі орталыққа айналдырады",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 01, 2018 16:09 Asia/Almaty
  • Рухани: Шәһид Раджаи айлағы – Иранның стратегиялық айлағы

ИИР Президенті Хормозган облысындағы Шәһид Раджаи айлағының үшінші фазасын орындауды бастауға бұйрық берген соң: "Бұл жоба Иранның стратегиялық айлағы болып табылатын Шәһид Раджаи айлағын Иранның солтүстігі мен шығысында орналасқан елдерге тауар тасылмалдау мен транзиттеуге арналған ірі орталыққа айналдырады",-деді.

Хасан Рухани, сәрсенбі күні, сондай-ақ, Шәһид Раджаи айлағы кешенінде болып, осы айлақ кемежайының екінші фазасының жарақталуын көріп қайтты.

Шәһид Раджаи айлағының үшінші фазасы әлемнің ең дамыған құрал-жабдықтар ме технологияларын пайдалану арқылы айлақтың контейнерлік әлеуетін 8 млн TEU-ға ұлғайтып, 1400 метрлік кемежай арқылы әлемнің алып контейнерлік кемелерін қабылдай алады.  

ИИР Президенті, сондай-ақ, Бандар-Аббас қаласының мұнай өңдеу зауытындағымұнай-газ бен бензин өндіру көлемі мен сапасын жоғарылату жобасының бірінші фазасын қарсыласу экономикасының саясаттарын орындау мақсатында ашты. Бұл жоба қоршаған ортаға үйлесімді бензин өндіру көлемін арттыру және оның сапасын жоғарылату мақсатында қолға алынды.