Рухани Әзірбайжан Республикасы президентіне көңіл айтты
Нау 03, 2018 13:42 Asia/Almaty
ИИР президенті Әзірбайжан Республикасының президентіне жолдаған жеделхатында емдеу орталығының өртенуі салдарынан осы елдің бір топ азаматының қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Хасан Рухани жұма күні Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевке жолдаған хатта оқиға құрбандарының отбасыларының қайғыарына ортақтастық білдіріп, Құдайдан Әзірбайжан Республикасының президенті мен халқы үшін аманшылық пен табыс тіледі.
Жұма күні Әзірбайжанның астанасы Бакуде орналасқан нашақорлықтан емдейтін бір медициналық орталықтың өртенуі салдарынан кемінде 24 адам қаза болды. Емдеу орталығының электр жүйесіндегі ақау өрттің пайда болуына себеп болған деп хабарланды.
Тегтер