Рухани: Халықтардың достығын нығайту үшін спорт жарыстарын өткізу керек
ИИР-ның президенті аймақтық спорт федерацияларының халықтарды бір-біріне жақындатып, спорт жарыстары арқылы достықты арттыруға талпыныс жасауы қажеттігін қуаттады.
Иран Телерадио ұйымына қарасты хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Иран президенті Хасан Рухани Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиномен Теһранда кездескеннен кейін Твиттердегі парақшасында: «Иран – қауіпсіз ел. Иран халықаралық әртүрлі спорт жарыстарын өткізуге әзір» деп жазды.
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантинио ИИР-ның президенті Руханимен кездесуіне ризашылық білдіріп, футболдың әлемдік деңгейде қоғамдық маңызды рөлге ие екенін айтып, Иран халқын футболдың әлемдегі шынайы жақтастары деп атады.