Зариф: Батыстың Иранның зымырандық қуатына қатысты ұстанымдары саяси ұран
(last modified Mon, 05 Mar 2018 07:55:42 GMT )
Нау 05, 2018 13:55 Asia/Almaty
  • Зариф: Батыстың Иранның зымырандық қуатына қатысты ұстанымдары саяси ұран

Иран Сыртқы істер министрі Батыстың ИИР-ның зымырандық мәселелері мен қорғаныстық қуатына қатысты ұстанымдарын саяси ұран деп атады.

Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Теһранда тілшілерге берген сұхбатта батыс елдерінің Иранның зымырандық қуатына қатысты ұстанымын анықтау керектігін баяндап: "Егер еуропалық тарап Иранның қорғаныстық қуаты жайлы мәселені көтеретін болса, онда өзінің аймаққа жүздеген миллиард доллар көлемінде қару-жарақ сатуы мен аймақты оқ-дәрі қоймасына айналдырғанына қатысты да позиция ұстана ма?",- деген сауал қойды.

Франция СІМ Жан-Ив Ле Дриан Теһран сапары қарсаңында Иранның зымырандық бағдарламасын Франция мен оның серіктестерінің алаңдаушылығын тудырып отырған фактор деп атаған болатын.

Иран СІМ еуропалық тараппен өткізген ядролық келіссөздер туралы: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сәйкес Иран әрдайым талап етуші орнында болып, қарсы тараптар жауап беруші болды. Себебі, Иран "Ортақ қадам" келісімі негізіндегі өзінің барлық міндеттемелеріне сай әрекет етті",- деді.

Иран СІМ еуропалық тараппен аймақ мәселелері, әсіресе Йемен дағдарысы жайлы сұхбаттасуды бұрынғы кеңесулер деп атап: "Бұл сұхбаттасулар келіссөздер басқа салаға ауысты деген мағынаны білдірмейді",- деді.

 

 

Тегтер