Теһранның айналасында 1200 гектарлық "Жасыл белдік" жобасы іске қосылды
https://itolqyn.com/news/iran-i35343
Теһранның айналасында 1200 гектарлық "Жасыл белдік" жобасы Ағаш егу күні мен Табиғи қорлар апталығымен бір мезгілде Иран Президенті Хасан Руханидің қатысуымен іске қосылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 06, 2018 21:12 Asia/Almaty
  • Теһранның айналасында 1200 гектарлық

Теһранның айналасында 1200 гектарлық "Жасыл белдік" жобасы Ағаш егу күні мен Табиғи қорлар апталығымен бір мезгілде Иран Президенті Хасан Руханидің қатысуымен іске қосылды.

Осы жобаны іске асырғаннан кейін Теһранның айналасындағы «Жасыл белдіктің» ауданы 40 мың гектардан асты.

Рухани Ағаш егу күні мен Табиғи қорлар апталығына орай өткен осы рәсімде Теһранның солтүстік-шығыс жағында бір көшет екті.

Иран Президенті тілшілерге берген сұхбатта барша халықтың  табиғаттың тыныстауы мен қоғамның денсаулығына  маңызды ағаш егу науқанына өздерінің шама-шарқынша қатысатындығына үміт білдіріп:

"Бүгін қоғамның саулығы мен халықтың қуанышын сақтап, тіршілікті жалғастыру үшін қоғамға сау табиғи орта керек. Бұл мәселенің басым бөлігі ағаш егіп, шалғынды жерлер мен ормандарды сақтаумен тікелей байланысты",-деді.