Иран еуропалықтардың тау-кен саласына инвестиция салуын қолдайды
(last modified Tue, 06 Mar 2018 16:01:17 GMT )
Нау 06, 2018 22:01 Asia/Almaty
  • Иран еуропалықтардың тау-кен саласына инвестиция салуын қолдайды

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары: "Иран еуропалық компаниялардың тау-кен саласына инвестиция салуын қолдайды",-деді.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Мехди Карбасиан Теһранда Еуропа елдері елшілерімен ортақ отырысында: "Әртүрлі салаларға инвестиция салу үшін мұрсаттар көп. Бұларды жүзеге асыру екі жақтың да мүддесіне сай келеді",-деді.

Карбасиан Иранда 68 пайдалы қазба, соның ішінде  мұнай, газ, алтын, мыс, темір мен хромның  барын айтып, осы салаларға қатысты өнеркәсіпті дамыту, жарақтау және жаңарту мәселесінде әріптестік жасауға мүмкіндіктердің бар екенін қуаттады.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары, сондай-ақ, Иранның Еуропадағы өнеркәсіп салаларында көп қолданылатын алюминий кен орындары секторында жоғары әлеуетке ие екенін айтып: "Еуропа елдерінің алюминийге қажеттілігін ескере отырып, осы салаға инвестиция салу екі тарап үшін де табысты бола алады",-деді.

 

Тегтер