Зариф: Бөгделердің жерлерін басып алу еш уақытта нәтижеге жеткен жоқ
(last modified Wed, 07 Mar 2018 08:43:13 GMT )
Нау 07, 2018 14:43 Asia/Almaty
  • Зариф: Бөгделердің жерлерін басып алу еш уақытта нәтижеге жеткен жоқ

ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп, бөгделердің жерлерін басып алудың еш уақытта нәтижеге жетпегенін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф "Твиттердегі" парақшасында: "Нетаньяхудың сөздеріне керісінше басқ елдірдің жерлерін заңсыз басып алу – аймақ қиындықтары себептерінің бірі",- деп жазды.

Сионистік режимнің премьер-министрі сейсенбі күні АҚШ-Израиль қоғамдық істері комитетінде (AIPAC) Иранды аймақ үшін қоқан-лоққы деп атады.

Нетаньяху сондай-ақ, АҚШ Президенті Дональд Трампқа АҚШ елшілігін басып алынған Құдсқа ауыстыру шешімі мен Иранға қарсы саясаттары үшін алғыс айтты.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт 23 ақпанда 2018 жылдың мамыр айының 14 күні елінің елшілігінің Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа ауысатыны туралы жариялаған болатын. Бұл күн палестиналықтар "Бақытсыздық күні" деп атаған сионистік режимнің заңсыз құрылуының 70 жылдығымен тұспа-тұс келеді.