Революция жетекшісі: Иранның аймақтағы құзырының АҚШ пен Еуропаға қатысы жоқ
(last modified Thu, 08 Mar 2018 16:33:21 GMT )
Нау 08, 2018 22:33 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісі: Иранның аймақтағы құзырының АҚШ пен Еуропаға қатысы жоқ

Ислам революциясының жетекшісі: "АҚШ-тың өзі барлық жерде қаскөйлік және арандатушы мақсатпен орналасқан жағдайда Иранның аймақтағы құзыры жайлы үнемі күмән тудырып келеді",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні хазірет Фатима Заһраның (ғ.с) туған күнінің жылдығы қарсаңында Аһле бейтті (ғ.с) мадақтаушы ақындарды қабылдауында америкалық және еуропалық басшылардың Иранның аймақтағы құзырына қарсы айтылған сөздеріне жауап беріп: "Біз аймақтағы орналасуымыз үшін АҚШ-тан рұқсат сұрауымыз керек пе? ИИР аймақтағы құзыры үшін америкалықтармен емес, аймақ елдерінің үкіметтерімен келіссөз жүргізіп, сұхбаттасуы керек. АҚШ-та құзырға ие болғымыз келгенде сіздермен сұхбаттасамыз!",- деді.

Хазірет еуропалық басшылардың Иранмен оның аймақтағы орналасуы жайлы келіссөз жүргізуге қызығушылығына қатысты сауалдың жауабында дәл сол сөзін қуаттап: "Бұл мәселенің сіздерге қандай қатысы бар.

ИИР аймақ халықтарымен келіссөз жүргізіп, бұрынғыдан бетер дами түсуге келісті",- деп баса айтты.

Хазірет сөзінің жалғасында дұшпанның 40 жыл бойы Иранға қарсы жасап келген үздіксіз әрі теңдессіз қастандығы мен революцияның игі істерінің ағашының өсуін мақтаныш және илаһи рақымшылықтың нышаны деп атап: "Иранның дұшпандары бірнеше ай бұрын бір жерде бас қосып, соңғы үш айдың ішінде ислам республикасының көзін жоюды жоспарлады",- деді.

Хазірет аятолла Хаменеи батыстықтардың сөздеріндегі гендерлік әділет секілді мәселені көтеруін алдамшы және жалған мәселе деп атап, соңғы айлардағы Батыс елдеріндегі жоғары қызметтегі әйелдердің әкімшілік мәселелер кезінде ер басшылар тарапынан қызметтерін теріс пайдалану мен зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мойындаған сөздеріне сілтеме жасап: "Ислам хиджаб арқылы осындай ауытқушылықтың алдындағы есікті жапты. Сондықтан исламдық хиджаб әйелдің қол сұғылмаушылығының құралы саналады",- деді.

Хазірет әйелдердің жеке даралық және мәдени тәуелсіздік туының ирандық әйелдердің қолында екенін баса айтып: "Ирандық банулар хиджабын сақтай отырып, өздерінің жеке даралық және мәдени тәуелсіздігін әлемге көрсетіп, "әйел хиджаб пен пәктігін сақтап, бөгде әрі ашкөз ер кісілердің биліктерін теріс пайдалануының алдын алу арқылы әлеуметтік майдандарда белсенді әрі ықпалды түрде әрекет ете алады" деген жаңа сөздерді мәлім етсін",- деп қуаттады.