Рухани «көздің қасаң қабығына трансплантация жасаудың әкесі» атанған дәрігердің қайтыс болуына көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i35463
ИИР Президенті өз жолдауында «Иранда көздің қасаң қабығына трансплантация жасаудың әкесі» атанған ғалым, доктор Әлиасғар Ходадустың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 12, 2018 07:52 Asia/Almaty
  • Рухани «көздің қасаң қабығына трансплантация жасаудың әкесі» атанған дәрігердің қайтыс болуына көңіл айтты

ИИР Президенті өз жолдауында «Иранда көздің қасаң қабығына трансплантация жасаудың әкесі» атанған ғалым, доктор Әлиасғар Ходадустың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Хасан Рухани жексенбі күнгі жолдауында доктор Әлиасғар Ходадустың қайтыс болуына өкініш білдіріп: "Көздің қасаң қабығына трансплантация жасаушы әлемге танымал ирандық көз дәрігері өзінің еңбегі және жақсылықтарымен халықаралық құрметке ие болып, әлемнің медицина тарихында өзінің есімі мен Иранның терең білімге ие мәдениетін мәңгіге қалдырды",- деді.

Доктор Әлиасғар Ходадуст наурыздың 10 күні 82 жасында жүрек талмасынан Нью-Йорк ауруханаларының бірінде қайтыс болды. Иранда көздің қасаң қабығының трансплантациясын бірінші рет әлемге танымал көз дәрігері Ходадуст жасады.