Рухани: Теһран-Баку Азия мен Еуропаны байланыстыратын күре жол бола алады
(last modified Tue, 13 Mar 2018 15:46:04 GMT )
Нау 13, 2018 21:46 Asia/Almaty
  • Рухани: Теһран-Баку Азия мен Еуропаны байланыстыратын күре жол бола алады

ИИР Президенті Иран мен Әзірбайжан республикасының Азия мен Африка аймағын Еуропаның солтүстігімен байланыстыратын күре жолға айнала алатынын айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Әзірбайжан республикасының Экономика министрі Шахин Мустафаевпен кездесуінде екіжақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықтарды кеңейтуде екі елдің үкіметтері мен  халықтарының ерік-жігерін аса маңызды деп атады. ИИР Президенті Теһран-Баку қарым-қатынасын даму үстінде және екі елдің мүдделеріне сай деп атап, екіжақты байланыстар мен әріптестіктерді жан-жақты дамытып, нығайтуға талпыныс жасау қажеттігін қуаттады. Рухани, сондай-ақ, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау және осы аймақта ортақ экономикалық белсенділіктерді ұйымдастыруға бағдарлама жасау мақсатында Иран мен Әзірбайжан республикасы басшыларының кеңесулері мен әріптестіктерін жалғастыру қажеттігін қуаттады.

ИИР Президенті Әзірбайжан республикасы Президенті тарапынан жақын болашақта Бакуге шақырылғанына тоқталып, бұл сапардың екі ел достығы, ынтымақтастығы мен қарым-қатынасының одан ары дамуына себеп болатындығына үміт білдірді. 

Әзірбайжан республикасының Экономика министрі Шахин Мустафаев та Иран мен Әзірбайжан республикасы басшыларының Теһран-Баку арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты одан ары дамытуға саяси ерік-жігерлерінің жеткілікті екенін айтып, өзара инвестициялар мен екі елдің сауда айналымы көлемінің соңғы жылдары айтарлықтай артқанын мәлімдеді.

Әзірбайжан республикасының Экономика министрі Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық ынтымақтастығы ортақ комиссиясының он екінші отырысына қатысу үшін Теһранға іссапармен келді.