Ғасеми: Зариф сәрсенбі күні Әзірбайжан мен Қазақстанға барады
(last modified Wed, 14 Mar 2018 08:37:16 GMT )
Нау 14, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Зариф сәрсенбі күні Әзірбайжан мен Қазақстанға барады

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың бүгін, сәрсенбі күні саяси делегацияны басқарып, Әзірбайжан мен Қазақстанға сапар шегетінін хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Зарифтың Иран, Әзірбайжан, Түркия және Грузияның төртжақты жиналысына қатысу үшін Бакуге сапар шегетінін, Бакуден кейін Иран, Ресей және Түркияның үшжақты отырысына қатысу үшін Қазақстанға аттанатынын мәлімдеді.

Иран, Ресей және Түркияның үшжақты отырысы Астана үдерісіне кепілдік беруші үш елдің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен жұма күні Астанада өтеді.

Астана келіссөздері 2017 жылы Иранның бастамасы және Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатын көздеп басталған болатын. Сол келіссөздердің нәтижесінде Сирияда қауіпсіз аймақтар құрылды.