Зариф: АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы үшін шарт қоятын жағдайда емес
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы үшін шарт қоятын жағдайда емес екенін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні "Твиттердегі" парақшасында Пәкістанның Geo News арнасының жүргізушісі Хамид Маерге: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың тұрақсыздығы әрі оның әрекеттерінің болжамсыздығы ешкімнің онымен қарым-қатынас орнатқысы келмеуіне себеп болуда. Егер АҚШ қолтаңбасы тек 4-8 жылға жарамды болса, ешкім Ақ үймен келісім жасауға мүдделі болмайды",- деп айтқанын жазды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Калифорния штатында АҚШ теңіз әскерилерінің алдында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ең жаман келісім деген уәжін қайталады.
Трамп бұдан бұрын сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған басқа тараптардың, яғни Британия, Франция, Ресей, Қытай, Германия және Еуроодақ ұстанымдарына қайшы аталмыш келісімді жаман деп бағалады. Трамп сондай-ақ, бос сөзінің жалғасында Иранды аймақтағы тұрақсыздықтардың факторы деп атап: "Иран Таяу Шығыс аймағының барлық қиындықтарының себепкері",- деген уәж айтты