Эксперттер кеңесі Иранның қорғаныс және зымырандық күш-қуатын жоғарылату қажеттігін қуаттады
Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер кеңесінің төртінші отырысындағы қорытынды мәлімдемеде Иранның қорғаныс және зымырандық күш-қуатын жоғарылату қажеттігі қуатталып, бұл саланың талқыға салынбайтыны айтылды.
Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер кеңесінің төртінші отырысындағы қорытынды мәлімдемеде Иранның қорғаныс және зымырандық күш-қуатын жоғарылату қажеттігі қуатталып, бұл саланың талқыға салынбайтыны айтылды.
Сейсенбі күні басталған Эксперттер кеңесінің төртінші отырысы сәрсенбі күні түстен кейін Ислам революциясының жетекшісіне адалдықтарын қайта жариялаумен және хазірет имам Хомейнидің армандарына беріктіктерін қайта растаумен өз жұмысын аяқтады.
Эксперттер кеңесінің төртінші отырысының қорытынды мәлімдемесінде: "Бұл кеңес АҚШ тарапынан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ашық түрде бұзылуын айыптап, Иран халқының құқықтарын сақтау жолында елдің жауапты органдарынан уәде бұзушылық мәселесіне байсалды қарап, тиісті ұстаным қабылдауды сұрайды",-деп жазылды.
Эксперттер кеңесі, сондай-ақ, АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тануға негізделген арандатушы әрекетін айыптап: "АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшетінін жариялау – жаңа қастандық. Ол АҚШ пен сионистік режимнің қолдауында болған ДАИШ пен басқа да тәкфирлік ағымдардың жеңілісінің есесін қайтару үшін жасалып отыр",-деді.
Мәлімдемеде Құдс мұсылмандардың алғашқы құбыласы және Исламның ажырағысыз бөлігі деп аталып: "Израиль деген обыр ісігінің тамыры халықтық күрестер арқылы ғана жойылады. Халықаралық ұйымдар, ислам елдерінің басшылары мен ар-ұжданы ояу адамдар АҚШ Президентінің осы кекшіл әрекетіне өз үлестеріне сәйкес тиісті жауап беруі тиіс",-деп баса айтылды.