Иран Президенті аймақтағы тоғыз елдің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады
(last modified Wed, 21 Mar 2018 16:22:58 GMT )
Нау 21, 2018 22:22 Asia/Almaty
  • Иран Президенті аймақтағы тоғыз елдің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады

ИИР Президенті сейсенбі күні кешке жеке жолдауларында Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан және Өзбекстан елдерінің басшыларын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани Наурыз мейрамын тойлайтын аймақтағы тоғыз елдің басшыларына жіберген өзінің жеке жолдауларында: "Көктем мен Наурыз мейрамы ерекше көңіл-күйі және хош әтірімен келіп, сұлулық пен табиғаттың қайта жаңғыруының, сондай-ақ бейбітшілік пен достықтың хабарын жеткізеді",- деді.

ИИР Президенті көктемнің келуінің арқасында әлемде барлық адамдар, әсіресе аймақ халықтары үшін бірлік орнап, ұлтаралық және мазхабаралық қайшылықтардың тамыры жойылып, зорлық-зомбылық, экстремизм мен соғыстан тоқтап, тыныштық қалыптасатындығына үміт білдірді.

Иран Президенті Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Армения, Түркия, Қазақстан және Өзбекстан халықтары үшін шаттыққа толы жыл тіледі.