Рухани: Иран үкіметі өндіріс саласындағы барлық белсенді жеке секторларды қолдайды
ИИР Президенті "Теһран химия" фармацевтикалық компаниясын аралау аясында журналистерге берген сұхбатта: "Бұл компанияның өнімдері әлем мен аймақта лайық6 орынға ие. Иран оны мақтан етеді»,- деді.
IRNА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани сәрсенбі күні "Теһран химия" фармацевтикалық компаниясының лабораторияларын аралап, компанияның зерттеу бірліктерінің ғылыми дамуына тоқталып: ""Теһран химия" фармацевтикалық компаниясының өнімдері халықаралық стандарттарға сай. Бұл компанияың дәрілері басқа елдерге экспортталады. Иран үкіметі өндіріс саласындағы барлық белсенді жеке секторларды шынайы қолдайды",- деп баса айтты.
Иран Президенті сондай-ақ, барлық кәсіпкерлер мен инвесторлардан және елді іші мен шетелдердегі ирандықтардан өз инвестицияларын, білімдері мен кәсібіи біліктіліктерін елді дамыту үшін пайдалануды сұрады.
Иран Президенті кеше, сәрсенбі күні Иран "Теһран химия" фармацевтикалық компаниясының зертханасының тұсауын кесті. "Теһран химия" фармацевтикалық компаниясы қазіргі таңда 120 түрден астам ампула, таблеткалар мен капсулалар, суспензиялар мен сироптар, кремдер мен май шығарады.