Иран Президенті Түркіменстан мен Әзірбайжан республикаларына іссапармен барады
(last modified Mon, 26 Mar 2018 09:59:38 GMT )
Нау 26, 2018 15:59 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Түркіменстан мен Әзірбайжан республикаларына іссапармен барады

ИИР Президенті екіжақты және аймақтық байланыстарды нығайту мақсатында және Түркіменстан мен Әзірбайжан республикалары басшыларының ресми шақыруымен сейсенбі күні 27 наурызда осы елдерге сапар шегеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті аппаратының ақпарат тарату және байланыстар бөлімі басшының орынбасары Парвиз Исмаили: "Хасан Рухани 27 наурыз күні таңертең Теһраннан Түркіменстанның астанасы Ашхабадқа жол тартады. Ресми қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшыларының, содан кейін екі елдің жоғары лауазымды  делегацияларының келіссөздері өтеді",-деді. 

Ол, сондай-ақ, Руханидің сәрсенбі күні түстен кейін Әзірбайжанның астанасы Бакуге баратынын айтып: "Иран Президенті Әзірбайжан республикасының Президенті Илхам Әлиевпен кездесіп, екі ел делегацияларының ортақ келіссөздері өтіп, көптеген ынтымақтастық құжаттарына қол қойылып, ИИР Президентінің Бакудегі бағдарламасы туралы баспасөз конференциясы болады",-деді.