Рухани: Көршілес және әлем елдерімен сындарлы әріптестік – Иранның принципті саясаттарының бірі
ИИР Президенті көршілес және әлем елдерімен сындарлы әріптестікті Иранның принципті саясаттарының бірі деп атады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні елдің Министрлері, облыс әкімдері мен атқарушы органдағы бөлім басшыларымен Наурыз мерекесіне орай кездесуінде: "Көршілес және әлем елдерімен әріптестікте Иранға көбірек пайда келетіні сөзсіз. Бұл саясат әсіресе "Ирандық тауарлар өндірісін қолдау" жылы бұрынғыдан көбірек жүзеге асырылады",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың басталуына орай жасаған жолдауында жаңа жылды "Ирандық тауарлардың өндірісін қолдау" жылы деп атады.
Рухани "Ирандық тауарлар өндірісін қолдау" жылында қоғамда үміт пен шаттықты нығайтуды, еңбек пен өндіріске қолайлы кеңістік қалыптастыруды Иранның барлық жауапты тұлғаларының ауыр міндеті деп атап: "Үкімет жұмыс орындарын ашу, кедейшілікпен күресу, оны тамырымен жою жолында құнды қадамдар жасады. Бұл шаралар биылғы жылы жалғасын табады",-деді.
ИИР Президенті х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың берекелі болып, қауіпсіздіктің одан ары нығайып, ел дами түсіп, халықтың бірлігі мен бауырластығының одан ары арта түсетіндігіне үміт білдірді.