Салехи "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуды көздейтіндерге ескерту жасады
(last modified Fri, 06 Apr 2018 12:48:34 GMT )
Сәу 06, 2018 18:48 Asia/Almaty
  • Салехи

Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзғысы келетіндерге бұл әрекеттің жауапсыз қалмайтынын ескертті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи ұйымның қызметкерлерімен кездесуінде: "Иран еш уақытта "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына нұқсан келтіруді көздемегеніне қарамастан келісім бұзылатын болса, дұшпандар өзгеше жағдайдың туатынын білгені жөн. Иран шынайы түрде өзінің мүдделері мен ұлттық егемендігін қорғайды. Алайда АҚШ келісімнен шығып, Еуропа да артқа шегінетін болса, Иран өзгеше әрекет етеді",- деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын өзгерткісі келетінін мәлімдеп, егер бұл келісім өзгертілмесе, одан шығатынын  ескерткен болатын.

 

 

Тегтер