Адмирал Сайари: Иран өзін қорғау үшін ешкімнің рұқсатын қажет етпейді
ИИР Әскері үйлестірушісінің орынбасары адмирал Хабиболла Сайари: "Ислам революциясы мен Иран Ислам Республикасын қорғау үшін қажеттің барлығы жасалады. Бұл үшін біреуден рұқсат алудың қажеті жоқ",- деді.
Адмирал Хабиболла Сайяри осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларынан бұрын сөйлеген сөзінде: "Бүгінде ешкім ИИР-ның әлемдік деңгейде шешім қабылдауда алатын орны мен рөліне көзжұмбайлық таныта алмайды",- деді.
ИИР Әскері үйлестірушісінің орынбасары Иранның қорғаныстық қуатын арттыру қажеттігін қуаттап: "Иранның қорғаныстық қуатын ешкімнің Иранның мүдделеріне нұқсан келтіруге батылы бармайтындай шамада арттыру керек",- деп мәлімдеді.
Адмирал Сайари ИИР Әскері қатарында террорға ұшырап қаза болған мыңдаған шәһидтің, соның ішінде сегіз жылдық Қасиетті қорғаныс кезіндегі қолбасшылардың бірі генерал Әли Сайяд Ширазидің болғанына тоқталып: "Тәуелсіздік, азаттық пен ислам республикасы дұшпанның бізден күшпен тартып алмақ болған Ислам революциясы жетістіктерінің қатарын құрайды",- деді.