Ғасеми әлемнің кез келген жерінде химиялық қару пайдалануды айыптады
(last modified Mon, 09 Apr 2018 09:35:06 GMT )
Сәу 09, 2018 15:35 Asia/Almaty
  • Ғасеми әлемнің кез келген жерінде химиялық қару пайдалануды айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Иран өзінің негізгі саясаттары мен діни және ахлақтық тағылымдарына сәйкес химиялық қарудың құрбаны ретінде кез келген тараптың әлемнің кез келген жерінде химиялық қару пайдалануын айыптайды",- деді.

Бахрам Ғасеми жексенбі күні Дамасктің Шығыс Ғуте ауданының Дума аймағында орын алған химиялық шабуылға тоқталып: "Сирия әскерінің Дамасктың Шығыс Ғуте ауданындағы Дума аймағында химиялық қару пайдаланғаны туралы уәж шындыққа жанаспайды.

Сирия әскері қаруланған лаңкестермен шайқас майданында басымдыққа ие жағдайда олардың химиялық зат немесе химиялық қару қолдануы ақылға қонымсыз.

Сирия үкіметі БҰҰ-мен химиялық қару пайдалану мәселесі жөнінде тиісті әріптестік жасап, халықаралық қауымдастық бұл елдің Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу туралы келісіміне қосылғаннан кейін бұл елдің химиялық қару өндіру және жасау мүмкіндіктерін жойған болатын",- деді.

 

 

Тегтер