Рухани: «Ортақ қадам» келісімін бұзушылар бір аптадан аз уақыт ішінде оның салдарын көреді
https://itolqyn.com/news/iran-i36070
ИИР-ның президенті: ««Ортақ қадам» келісімін бұзушылар оның құнын төлеуі керек. Теһран кез келген жағдайға әзір. «Ортақ қадам» келісімін бұзушылар өз істеріне өкінетін болады. Олар оның салдарын бір аптадан аз уақыт ішінде көреді» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 09, 2018 22:25 Asia/Almaty
  • Рухани: «Ортақ қадам» келісімін бұзушылар бір аптадан аз уақыт ішінде оның салдарын көреді

ИИР-ның президенті: ««Ортақ қадам» келісімін бұзушылар оның құнын төлеуі керек. Теһран кез келген жағдайға әзір. «Ортақ қадам» келісімін бұзушылар өз істеріне өкінетін болады. Олар оның салдарын бір аптадан аз уақыт ішінде көреді» деді.

Хасан Рухани бүгін дүйсенбі күні «Ядролық технология» ұлттық күнінің он екінші жылдығы рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты осы күнмен құттықтап, Иранның ядролық саласындағы шәһидтерін ұлықтап, оларды құрметпен еске алып: «Дұшпандар Иранның өз мүддесінен бас тартуын қалайды. Бірақ, ИИР ешқашан жамандық тілеушілер мен басқалардың ризашылығына бөленуді ойламайды. «Ортақ қадам» әрекетті баяулатпайды. Иран «Ортақ қадам» келісімі арқылы басқа елдермен серіктестік жасау мүмкіндігін пайдаланды. Бүгін Иран көптеген жобалар бойынша еуропалық кейбір елдермен, сондай-ақ, Ресей және Қытаймен жақсы ынтымақтастыққа ие» деді.

Рухани ядролық зерттеулер жолының жылдамдықпен жалғасып келе жатқанын, Иранның бұл жолда ешкімнің рұқсатын қажет етпейтінін қуаттап: «Иран «Ортақ қадам» келісімінен кейін бірінші рет ядролық саудаға қосылды. Шамамен 400 тонна yellowcake атты уран концентратын шетелден импорттап, байытылған уранның бір мөлшерін сатты» деді.