Зариф: АҚШ Сирияға араласу үшін сылтау іздеуде
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ үкіметінің Сирияға араласу үшін сылтау іздеп отырғанын қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Бразилияға келген кезде журналистерге берген сұхбатта Сириядағы химиялық шабуылды айыптап: "ИИР химиялық қаруға қарсы қатаң ұстанымға ие. Иран химиялық қару пайдалануды айыптайды",- деді.
Зариф сионистік режим мен АҚШ-тың әртүрлі кезеңдерде лаңкестердің рухын көтеру үшін майданға шыққанына тоқталып: "АҚШ қолдайтын Сириядағы лаңкестердің жағдайы жақсы емес. Олар күн сайын сәтсіздіктерге ұшырауда. Мәліметтерге сәйкес, АҚШ ДАИШ лаңкестерін пайдалануды жалғастыру үшін оларды басқа аймақтарға ауыстыруда. Бұл саясаттар мен олардың салдарлары аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі және АҚШ-тың өзі үшін қатерлі",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ, Сенегалға жасаған сапарын өте жақсы деп бағалап: "Сенегалдық тараптың жекеменшік бөлімнің белсенділері, технология мен іргелі ғылым саласындағы компаниялары өкілдерімен жақсы отырыс өтті",- деді.