Сәу 11, 2018 15:56 Asia/Almaty
  • Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты – адамзат үшін ең маңызды илаһи нығмет

ИИР Президенті сейсенбі күні Жаңа жыл және режеп мейрамдарымен құттықтап, Исламның ұлық пайғамбарының беғсатын тарихқа әсер еткен ең үлкен оқиға және адамзат үшін ең маңызды илаһи нығмет деп атады.

Алдағы сенбі, хиджри қамари күнтізбесі бойынша 1439-шы жылдың режеп айының жиырма жетісі, сәйкесінше 2018-ші жылдың сәуір айының он төрті Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның пайғамбарлық міндетін бастаған күн.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Хасан Рухани  Иранның Мәдени революциясы жоғары кеңесінің отырысында: "Исламның ұлық пайғамбары илаһи уәһи, өз мінез-құлқы және амалымен адамдарды дұрыс жолға нұсқап,   көптеген ғылымдардың қайнары болып, әлемдік қоғамның ілгерілеуіне себеп болған жаңа өркениетті әкелді",- деді.

Рухани сонымен бірге хиджри шамси күнтізбесі бойынша басталған 1397-ші жылдың ислам революциясы жетекшісі тарапынан "Ирандық тауарларды қолдау" деп аталуына тоқталып: "Ирандық тауарларға қолдау көрсетудің ең маңызды мәселесі – оның мәдени тұрғысы. Сондықтан жарнама жасайтын органдар, соның ішінде ИИР Телерадио бірлестігі халықтың ирандық тауарларды қолдауды ұлттық міндеті және өндірісті дамытып, өз перзенттері үшін жұмыс орындарын ашуға себеп болады  деп түсінетіндей әрекет етуі керек",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер