Рухани Илхам Әлиевке құттықтау жолдады
https://itolqyn.com/news/iran-i36144
ИИР президенті Илхам Әлиевтің Әзірбайжан Республикасының президенті қызметіне қайтадан сайлануымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 13, 2018 00:05 Asia/Almaty
  • Рухани Илхам Әлиевке құттықтау жолдады

ИИР президенті Илхам Әлиевтің Әзірбайжан Республикасының президенті қызметіне қайтадан сайлануымен құттықтады.

Хасан Рухани бейсенбі күнгі құттықтау жолдауында: "Тамыры екі халықтың тарихи, діни және мәдени ортақтастықтарында жатқан ИИР мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық әрі бауырластық қатынастардың кеңеюі қос ел басшылары кеңесулерінің жалғасуымен одан әрі нығая түседі.

Бұл таңдау Әзірбайжан Республикасы халқының Илхам Әлиевтің жетекшілігіндегі үкіметтің бағдарламаларын қолдайтынын, олардың өз елінің дамуы мен ілгерілеу бағытын жалғастыруға қызығушылығын көрсетеді",- деді.

Әзірбайжан Республикасының қазіргі президенті Илхам Әлиев сәрсенбі күні осы елдегі президенттік сайлаудың сегізінші кезеңінде шамамен 86 пайыз дауыс жинап, Әзірбайжан Республикасының президенті болып қайта сайланды.