АҚШ-тың аймаққа басқыншылықтары қырып-жою мен қиратудан басқа нәтиже бермейді
(last modified Sun, 15 Apr 2018 08:34:57 GMT )
Сәу 15, 2018 14:34 Asia/Almaty
  •  АҚШ-тың аймаққа басқыншылықтары қырып-жою мен қиратудан басқа нәтиже бермейді

ИИР Президенті Рухани АҚШ-тың аймаққа басқыншылықтарының қырып-жою мен қиратудан басқа нәтиже бермейтінін, Вашингтонның осындай шабуылдар арқылы өзінің аймақтағы құзырын түсіндіргісі келетінін айтты.

Хасан Рухани сенбі күні жүйенің жауапты тұлғаларының бір тобы мен ислам елдері елшілерінің «Мабас» мерекесіне орай Ислам революциясының жетекшісімен кездесу рәсімінде сөйлеген сөзінде: "АҚШ, сионистік режим мен олардың демеушілері, әсіресе Ұлыбритания мен Франция аймақта 17 жыл бұрын болған оқиғалардан сабақ алмады ма? Олар бүгін өздері қолдап отырған лаңкестердің Шығыс Ғутеде жеңіліс тапқанына төзе алмай отыр",-деді.

ИИР Президенті Сирия халқының жылдар бойы бөгделердің басқыншылығына төтеп бергенін және одан ары да табандылық таныта беретінін айтып: "ИИР әрдайым аймақ пен әлемнің жапа шеккен халықтарын қолдап келді, әлде де қолдады. Иран аймақ елдерінің лаңкестікпен күресуге көмектесу туралы өтініштеріне оң жауап беріп, қолдауын жалғастырады",-деді.

 

Тегтер